Түлектер мен Есіл ауданының мансап орталығының кездесуі: жастар тәжірибесінің мүмкіндіктері

09.04.2026

2026 жылғы 9 сәуір күні КМҚК «Жалел Қизатов атындағы жоғары ауыл шаруашылығы колледжінде» түлектер мен Есіл ауданының Мансап орталығы өкілдерінің кездесуі өтті.

Кездесу барысында жастар тәжірибесінен өту шарттары, бағдарламаға қатысу тәртібі және кейінгі жұмысқа орналасу мүмкіндіктері туралы маңызды ақпарат ұсынылды.

Түлектер өздерін қызықтырған сұрақтарына жауап алып, кәсіби қызметті бастау бойынша ұсыныстар алды.



Текст
Виртуальная приемная